Вторник, 3 февраля, 2026
Latest:
Оқу-тәрбие жұмысын талдауОқушыларға арналған ақпарат

Бүгін 8 «Б» сыныбында Жаңа жыл мерекесіне арналған сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Жаңа жылдың мәні мен маңызын түсіндіру, мерекелік көңіл күй қалыптастыру және оқушылардың ұйымшылдығын арттыру болды.Іс-шара барысында оқушылар Жаңа жыл туралы өлеңдер оқып, әндер айтып, қызықты ойындар мен викториналарға қатысты. Сонымен қатар, жылды қорытындылау мақсатында өткен оқу жылындағы жетістіктер айтылып, белсенді оқушылар мадақталды.Сынып сағаты көңілді әрі мазмұнды өтті, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.